Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұз қаласының тұрғындарына электр энергиясына кеткен шығындар өтеледі

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 19:39 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз тұрғындарын электр энергиясы шығындары өтемі мәселесінің шешімі жайынан хабардар етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Instagram-да жазды.

"Өздеріңізге мәлім, зардап шеккен үйлердің тұрғындары қараша мен желтоқсан айларында жылыту төлемдерінен босатылды.Ендігі кезекте, электр энергиясының мәжбүрлі түрде өскен шығындарын өтеу мәселесі туындап отыр.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл мәселе бірінші вице-премьер Роман Васильевич Склярдың қатысуымен және «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС иелерімен бірге шешілді.ТЖ кезеңінде (27 қарашадан 8 желтоқсанға дейін 48957 абонент үшін) пайдаланған электр энергиясына өтемақыны атаулы есептеу туралы келісімге қол жеткіздік. Барлық шығындарды "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС иелері өз мойнына алады".Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов

Әкімнің айтуынша, олар енді есептеулерді және төлемнің бірыңғай мөлшерін анықтап жатыр, одан кейін оны тұтынушылардың жеке шоттарына аудару жолдарын қарастыратын болады.

Айта кетсек, 2022 жылы 27 қарашада түнде жылу желілеріндегі апатқа байланысты Екібастұз қаласы жылусыз әрі ыстық сусыз қалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: