Алматыда екі жолаушылар автобусының бағытына өзгерістер енгізілді

Автобус бағытындағы өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2022 14:29 Сурет: №1 автобус паркі
Алматыда №217 және №110 автобустардың маршруттарына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 желтоқсаннан бастап №217 бағыттағы автобустар қаладан Әли ауылына қарайғы жолда Есқара Беделбаев көшесіндегі №22 мектепке дейін жетіп, қайта бұрылады, содан соң "Әли ауылы" - соңғы аялдамасына дейін баратын болады.

№110 бағыттың да соңғы аялдама тұсындағы жүрісіне өзгеріс енгізілді. Енді "Автостанция" бекетіне кірместен бұрын оңтүстік бағытта автобустар Қарғалы көшесінен Трудовая көшесіне дейін қатынайтын болады. Бұл өзгеріс екі бағытты да қамтиды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: