Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада еліміздің басты шыршасы жағылды

Астана, шырша, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2022 23:47 Сурет: Астана қаласының әкімдігі
19 желтоқсанда Астана қаласындағы EXPO көрме кешенінің алаңында еліміздің басты шыршасын жағу рәсімі өтті. Бұл жөнінде Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол жүздеген шамшырақпен безендірілген. Мерекенің басты атрибутын безендіруде 750 метр гирлянд, 360 бірлік жарықшам және 900-ден астам шырша шары қолданылды.

Шыршаны жағу рәсімі басталар алдында елорда тұрғындары мен қонақтарына "Ғажайыптар түні" ертегі мұз шоуы көрсетілді. Еліміздің басты шыршасын бүлдіршіндер, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек, Аяз Ата мен Ақшақар бірлесе жағып, сахнада қазақстандық әртістер және т.б. өнер көрсетті.


Астана, шырша, концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2022 23:47

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

"Құрметті елордамыздың тұрғындары мен қонақтары, жаңа жыл қарсаңында сіздерге мерекелік көңіл-күй, қуаныш, отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін! Астанамыз дамып, өркендей берсін! Алдағы жыл қала үшін берекелі болсын! Бүгін жаңа жыл мерекесін бастағалы отырмыз. Мұндай іс-шаралар әлі де көп болады. Қаламыздың барлық ауданында мұз айдындары мен сырғанақтар орнатылып жатыр, онда әрбір адам бос уақытын көңілді өткізе алады". Астана әкімі Жеңіс Қасымбек


Астана, шырша, Астана қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2022 23:47

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Іс-шара Astana Muz Fest ауқымды қысқы фестивалі аясында өткізілді. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: