Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда үш автобустың қозғалыс бағытына өзгеріс енгізіледі

Қоғамдық көлік Сурет: Zakon.kz
Алматыда үш қоғамдық көліктің қозғалыс бағытына өзгеріс енгізіледі. Сондай-ақ қаланың жолаушылар тасымалы тағы бір маршрутпен толығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апаттық жағдайлардың алдын алу мен жолаушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында 9 қаңтардан бастап № 59, №113 "Алматыэлектротранс" ЖШС маршруттарының бағыты өзгертіледі, деп хабарлайды  Алматы қалалық мобилділік басқармасы.

Енді олар Құлжа тас жолымен ШААЖ-қа қарай жылжығанда Рысқұлов даңғылына шықпай көпірдің үстімен жүріп өтетін болады.

Сонымен қатар 10 қаңтардан бастап № 53 маршруттың кестесінде де өзгеріс болады. 

Енді ол Кемертоған ауылына  дейін жүріп, "Мектеп" аялдамасынан бұрылады да, кері қарай кестеге сай қозғалады. Бұл бағытта бұрын 8 автобус қатынаса, енді жаңа жылдан бастап олардың саны 11-ге жеткізілді.

Сондай-ақ 10 қаңтардан бастап №49 жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Бауыржан Момышұлы метросы бекетінен Абай даңғылы - Әшімов көшесі - Сабденов көшесі - Алатау даңғылы - Алтын орда көшесі бойынша, одан әрі Карьерная көшесімен жүріп, кері бағытқа бұрылады да кестеге сай қозғалатын болады.


Бұл бағытта 7 жаңа автобус арасы 13 минуттық жиілік бойынша қызмет көрсетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз