Жаңалықтар тізбегі
0

Астана әкімдігі төсемесі жарылған көпірдің желідегі видеосына қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 18:10 Сурет: pixabay
11 қаңтарда әлеуметтік желіде елордадағы "Бүкір көпірдің" асфальты жарылып кеткенін тіркеген видео жарияланды. Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бұл маңда апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ролик авторы бұл көпірдің екі жыл бойы күрделі жөндеуден кейін әрең дегенде 2022 жылы шілде айында ашылғанын баса атап өтеді.

Бұл видеоға қатысты Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бірден үн қатып, Алаш тас жолындағы көпір ("Горбатый мост") бұрын апатты деп танылғанын хабарлады. Осыған байланысты жол өтпесінің оң жағы жөнделіп, 2022 жылдың жазында қозғалыс ашылған болатын.

Ведомство мәліметінше, көлденең асфальтбетон жабынының ішінара деформациясы жөндеу жүргізілмеген жол өтпесінің сол жағында орын алды.

"Осыған байланысты жол учаскесі жол белгілерімен белгіленіп, қалпына келтіру шаралары жүргізілуде", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жол-құрылыс жұмыстары маусымының басталуымен жол өтпесінің сол жағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жабылады деп жоспарланды.

"Зақымдану орын алғанын ескере отырып, жол өткелінің сол жағындағы көліктердің қозғалысы жақында жабылатын болады. Соған қарамастан, автокөліктер үшін қозғалыс екі жаққа да қамтамасыз етіледі", - дейді Көлік басқармасындағылар.

Айта кетсек, 2020 жылы қыркүйекте аталған көпірде монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде тірек арқалық құлап кеткен болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: