Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО әкімі ауруханада болып, зардап шеккен петропавлдық оқушылардың жай-күйін сұрады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 19:35 Сурет: CҚО әкімдігі
Петропавлдағы №4 мектепке 9-сынып оқушысы балта мен пышақ алып келіп, оқушыларға шабуыл жасаған. Салдарынан үш бала зардап шекті. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. СҚО әкімі Айдарбек Сапаров ауруханада болып, зардап шеккен оқушылардың жай-күйін сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінгі оқиғадан кейін ауруханаға түскен балалардың хал-жағдайын білдім. Балалармен тілдесіп, тезірек сауығып кетуін тіледім. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді, қазір олардың жағдайы тұрақты. Балалар дәрігерлердің бақылауында", - деп жазды СҚО әкімі Айдарбек Сапаров Instagram-дағы парақшасында.

13 ақпанда Петропавлда 15 жастағы оқушы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттады. Оның екеуі көпбейінді облыстық балалар ауруханасында жатыр. Кәмелетке толмаған Д. қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуыл жасаған 9-сынып оқушысы "Күйзеліс" диагнозымен дәрігер есебінде тұрған. Аталған төтенше жағдайдан кейін еліміздің барлық мектебінде қауіпсіздік бойынша тексерулер жүргізілетіні жарияланды


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: