Жаңалықтар тізбегі
0

Жәбірленуші Петропавл қаласындағы мектепте болған жағдайдың мән-жайын айтып берді

Петропавл, мектеп, оқушы, балта, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 17:07 Сурет: Zakon.kz
13 ақпан күні Петропавл қаласындағы №4 мектепте 9-сынып оқушысы балтамен, пышақпен қаруланып келіп, қатарластарына тап берді. Үш оқушы зардап шекті, екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жарақат алған оқушылардың бірі оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Оныншы сынып оқушысы Владислав Горбаченконың айтуынша, тоғызыншы сынып оқушысы оларға бетперде киіп шабуыл жасаған.
"9-сыныпта оқитын бала тап берді. Мен дәретханаға барғым келді. Есікті ашқаным сол еді, ол мені балтамен ұра бастады. Оның үстінде мектеп формасы, күртеше болды, бетперде киіп алыпты. һҚолында балтасы және пышақ болды. Ол тағы бір бала мен қызға шабуыл жасады. Ұл 9-сынып, ал қыз 10-сынып оқушысы». Владислав Горбаченко

"Хабар 24" арнасы тілшісінің хабарлауынша, бұл жайт санаулы минуттар ішінде болған.

Жәбірленуші баланың анасы Вера Горбаченко ұлы басынан, мойнынан және кеудесінен соққы алғанын айтты.

"Басы айналып, қысымы көтерілді, қатты тахикардия болды, жүрегі айныды. Мектепке қалай ғана пышақ пен балта алып кіруге кіруге болады? Балалардың сөмкесін тексеретін күзет болуы керек". Вера Горбаченко

Алл Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков балалардың сөмкесін тінтуге  болмайтынын атап өтті.

"Балалардың сөмкесін тінтуге ешкімнің құқығы жоқ, сіз мұны жақсы түсінесіз. Сөмкеге пышақ салып, әжетханаға кеткені де содан болар". Нәзір Жәшібеков

Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, салдарынан үш бала зардап шекті. Кейін баланың жасы 15-те екені, "Депрессия" диагнозымен психиатриялық есепте тұратыны белгілі болды. Ол қаладағы №4 орта мектепте 2022 жылдың қараша айында ауысып келген. Оқу ісі меңгерушісінің айтуынша, тоғызыншы сынып оқушысы мүмкіндігінше оқыған, өзін сабырлы, салмақты ұстаған.

Оқу-ағарту министрлігі 13 ақпан күні Петропавлдағы төтенше жағдайдан кейін елдегі барлық мектептің қауіпсіздігі тексерілетінін хабарлады.

Оқу ісінің меңгерушісі мектепте күзет турникеттері мен металл іздегіштер жоқ екенін айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: