Жеңіс Қасымбек елордалық үлескерлермен кездесті
Сурет: Instagram/akimat__astana
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек "Алтын бұлақ" пен "Садовые кварталы" проблемалық тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында қалада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар екенін атап өтті.
"Жылдар бойы тұрған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жай-күйі әртүрлі. Оның әрқайсысында баспанасын күткен жандар бар. Біз аталмыш тұрғын үй кешендерінің құрылысын кезең-кезеңімен аяқтаймыз. Ал үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне қоныстана алады". Жеңіс Қасымбек
Әкім үлескерлермен үнемі кездесіп тұратынын, тағы екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездескенін айтты. Олар – "Алтын бұлақ" және "Садовые кварталы" тұрғын үй кешендері. Жалпы үлескерлер саны – 700-ден астам отбасы.
"Мәселен "Садовые кварталы" тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Бұл нысан тапсырылған кезде іргетасы ғана болатын. Құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды". Жеңіс Қасымбек
Сондай-ақ қала әкімі "Тұмар" тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобымен кездесті.
"Құрылысы ұзаққа созылған "Территория комфорта-1" бойынша сұрақтар қозғалды", - деп жазды елорда әкімі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript