Жаңалықтар тізбегі
0

Мавр Абдуллин Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Мавр Абдуллин 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мавр Абдуллин 1973 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Білімі:

2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мекемесінің жұмысшысы болып бастаған.

  • 1993 – 1995 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.
  • 1995 – 2012 жылдары Ойыл аудандық киножелісі дирекциясының директоры, Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып жасаған.
  • 2012 - 2022 жылдары Ойыл, Алға аудандарының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі, "Ақтөбе Нефте Газ Строй" жауапкершілігі шектулі серіктестігі директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 2023 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарып келеді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз