Ұлыбритания ВТБ мен «Аэрофлотқа» қарсы санкциялар енгізді
Джонсонның айтуынша, Ұлыбритания банктің барлық активтерін бұғаттайды, деп хабарлайды The Guardian.
Экономикалық шектеулер ВТБ-дан өзге ОАК, ОСК және Ростехті де шарпыды. Сондай-ақ ол британдық қаржы жүйесінен ресейлік банктердің толықтай шеттетілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, бүгіннен бастап Ұлыбританияда ресейлік компанияларға: мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, барлығына несие беруге тыйым салынады.
Сондай-ақ, Лондон Ресей Федерациясы азаматтарының өз банктеріндегі шотта белгілі бір шектегі сомада ақша ұстауға рұқсат етеді. Ұлыбританияда өндірілетін барлық жоғары технологиялық өнімдердің экспортына тыйым салынады.
Сондай-ақ премьер-министр Ресейдің SWIFT-тен шығып қалу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Оның айтуынша, Ұлыбритания "Ресейді әлемдік экономикадан ығыстырады".
Сонымен қатар, Ұлыбритания "Аэрофлоттың" әуе тасымалына тыйым салады, - деді Борис Джонсон.