Жаңалықтар тізбегі
0

Борис Джонсон Ұлыбритания үкіметінің басшылығына оралуға ниетті

Үкімет сайлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 21:06 Сурет: Twitter/Boris Johnson
6 қыркүйекте Ұлыбритания үкіметінің басшысы қызметін босатқан Борис Джонсон Лиз Трастың отставкасынан кейін қайта премьер-министр болудан үмітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы The Times газетінің саяси шолушысы Стивен Суинфорд Twitter-де жазды.

Маған Тори партиясының жетекшісі лауазымына Борис Джонсонның кандидатурасы ұсынылатыны туралы мәлімет келіп түсті. Әзірге ол сенімді адамдарымен кеңесіп, жағдайды қарастырып жатыр, қалай дегенмен де бұл ұлттық мүдде мәселесі деп саналады емес пе, – деп жазды Суинфорд.

Evening Standard газетінің хабарлауынша, бұл лауазымнан елдің сыртқы сауда министрі Кеми Бейднок та үмітті. Ол 2022 жылдың жазында өз кандидатурасын ұсынған болатын, бірақ дауыс беру қорытындысы бойынша ақтық турға шыға алмады.

7 шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон отставкаға кетті. Ол соңғы жалпыхалықтық сайлауда консерваторларға дауыс бергендерге алғыс білдірді.

15 қазанда британ Қаржы министрі Квази Квартенг жұмыстан босатылды. Ол алты апта ғана жұмыс істеді.

Квартенгтің корпоративтік табыс салығын күрт төмендетуге бағытталған қаржылық саясаты оның отставкаға кетуіне түрткі болды. 17 қазанда осы саясатты мақұлдаған Лиз Трастың да отставкаға кетуін шамамен 100 депутат талап етті.

20 қазанда Лиз Трасс Ұлыбританияның премьер-министрі орынтағын босату туралы шешім қабылдады. Трастың бұған дейін отставкаға кетуге ниеті жоқ болатын, ол кейбір парламентшілердің қызметінен кету туралы талабын елемеген де.

Консервативтік партияның жаңа көшбасшысын және премьер-министр келесі аптада сайланады, яғни 28 қазанға дейін уақыт бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: