ЕО Путинге, Лавровқа, Медведев пен Мишустинге де санкция салды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2022 10:40 Сурет: zakon.kz
Мемлекеттік Думаның депутаттары мен басқа да шенеуніктер, соның ішінде Беларусьтың да бірқатар шенділері шектеулерге ұшырады. Еуропалық одақтан кейін АҚШ Путин мен Лавровтың аты-жөнін санкциялар тізіміне енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЕО Украинадағы әскери операцияға байланысты Ресей президенті Владимир Путин мен РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың аты-жөнін санкция тізіміне енгізді. Олардың аты-жөні ЕО-ның ресми журналында көрсетілген.

Санкцияның енгізілу себептері сипаттамасында "Путин жасаған іс-әрекеттері үшін жауап береді және Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне, сондай-ақ Украинадағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіруді белсенді қолдайды"делінген.

Премьер-министр Михаил Мишустин, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, сондай-ақ Мемлекеттік Думаның депутаттары және Беларусь елінің кейбір шенеуніктері де шектеулерге ұшырады.

Еуропалық одақтан кейін АҚШ Путин мен Лавровтың аты -жөнін санкциялар тізіміне енгізді. Шектеу шаралары Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Бас штаб бастығы Валерий Герасимовты да шарпыды.

Сонымен қатар, Канада мен Ұлыбритания Путинге қарсы санкциялар жариялады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: