Жаңалықтар тізбегі
0

Шекарада кептелісте тұрған қазақстандықтардың жартысы Польшаға жетті – Айбек Смадияров

Эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2022 11:34 Сурет: gov.kz
Украинадан автобуспен аттанып, екі елдің шекарасында кептелісте қалған қазақстандықтардың жартысы Польшаға жетті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
...Кеше ғана БАҚ-қа арналған брифингте айтып өткенімдей, ҚР азаматтары бар бірнеше автобус шекараға қарай жолда көлік кептелісінде тұрды. Олардың жартысы шекарадан өтіп, аман-есен Польшаның аумағында азаматтарымыздың екінші тобы келгенше қонақ үйге орналастырылды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров

Украинадағы жағдай туралы осындай дерекпен бөліскен ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Facebook-тегі парақшасында дипломаттардың да жұмысына егжей-тегжейлі тоқталып, әсіресе 24 сағат бойына не ұйқы, не демалыс көрмей дамылсыз жұмыс істеп жатқан Ләйла қызға да алғысын білдіріпті.

Айтайын дегенім, бірінші топпен ілесіп келе жатқан дипломаттардың бірі - қыз бала. Жағдай шиеленіскен алғашқы күннен бастап 24 сағат ұйқы мен демалыс дегенді білмей қызметін адал атқарып келеді. Қашан қоңырау шалсаң да бірден жауап беріп, толық өзекті ақпарат береді. Дауысынан байқалып тұрады қобалжығаны, бірақ білдірмейді. Тек Польшаға келгенде көңілі босап, кішкене эмоцияға берілді. Алайда дипломаттарға ондай мінез жат, сондықтан жарты сағаттан кейін "кешірім сұраймын, қайтадан қатардамын, тапсырма бар ма" деп чатқа жазды. Лейла ханым, қазақ дипломатиясының бетке ұстар өкілі деп танимын сізді. Тағы кішкене уақыттан кейін елде қауышамыз деген сенімдемін. Қыз бала болғандықтан репатриациялық рейспен елге қайтарып жатырмыз.Мен білетін Лейла болса Қазақстанға келіп демалып жатпай, Сыртқы істер министрлігіне келіп, Украинадағы жағдайға байланысты құрылған жұмыс тобының жұмысына кірісіп кететіні анық. Осы пост арқылы өзімнің осындай әріптестеріммен таныстырып, дипломатия қызметінің қыр-сырын айтайын дегенім ғой. Айбек Смадияров

Айта кетсек, Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау үшін арнайы рейс ұйымдастырылды. Бастапқыда 25 ақпанда ұшақ көкке көтерілетіндігі айтылған. Бірақ шекарадағы кептеліске байланысты рейстің орындалу кезеңі кейінге шегеріліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: