Түркіменстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтіп жатыр

Президенттік сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2022 10:00 Сурет: pixabay
Түркіменстан президенті тағынан тоғыз кандидат үміткер. Алғашқы тіркелген кандидат - қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 наурызда Түркіменстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталды, 2 577 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды РИА Новости .

Түркіменстанның шет елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелерінің жанынан ашылған 41 сайлау учаскесінде де дауыс беріліп жатыр.

Президент лауазымынан тоғыз кандидат үміткер. Түркіменстанның заңнамасында сайлаушылардың қатысу шегі белгіленбеген, сондықтан сайлау кез-келген жағдайда да өтті деп танылады.

Алғашқы тіркелген кандидат - қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы.

Сердар Бердімұхамедов Түркіменстан Демократиялық партиясы атынан сайлауға түсіп жатыр. 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап 40 жастағы Сердар вице премьер-министр қызметін атқарып келеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: