Зеленский Израильде келіссөз жүргізуді ұсынды, Ресей АҚШ-қа ескерту жасады

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2022 11:07 Сурет: Украина президентінің ресми интернет-өкілдігі
Владимир Зеленский ресейлік әскерилермен ынтымақтасуға шешім қабылдаған украин шенеуніктері "өз-өздеріне үкім шығарды" деп ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • РФ Қорғаныс министрлігі: Ресей әскери күштері Васильковтағы әскери аэродромға және Броварадағы радио және радиотехникалық барлау бойынша негізгі орталыққа соққы берді.

  • АҚШ конгрессмені Ресейге қарсы санкцияларды ақылға қонымсыз деп атады және Вашингтонның көмегі Украинаға шын көмек болмай жатқанын айтты.

  • Әзірбайжан Украинаға 380 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

  • Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Ресейдің АҚШ пен НАТО-ға жолдаған қауіпсіздік кепілдіктері туралы ұсыныстары енді күшіне енбейтінін атап өтті, өйткені жағдай толығымен өзгерді. Егер Вашингтон бұған дайын болса, қауіпсіздік диалогын қайта жаңғыртуға болатыны мәлімделді.

  • Ресей АҚШ-қа Украинаға қару-жарақ берген жағдайда не болатынын ескертті.

  • Владимир Зеленский шетелдік БАҚ алдында сөз сөйлеп, Ресей Федерациясымен келіссөздерге дайын екенін айтты және бейбітшілік процесі сөз емес, іс жүзінде жүзеге асырылатынына үміт білдіретінін жеткізді.

  • Сонымен қатар Зеленский Израиль премьер-министрі Беннетке Ресеймен Иерусалимде келіссөздер жүргізуді ұсынды.

  • Запорожье және Чернобыль атом электр станциялары украин қызметкерлерінің бақылауында, делінген Росатом хабарламасында.

  • Байден Украинаға 200 миллион долларға дейін көлемде әскери көмек беру туралы меморандумға қол қойды.

  • Мәскеу "соғысты тоқтатуға ықтиярлық білдірмеді", ЕО алдағы сағаттарда жаңа санкциялар енгізеді, деп хабарлайды Елисей сарайындағы ақпарат көзі.

  • Париж Макронның Путин мен Шольцпен өткізген келіссөздерін "өте ашық әрі ауыр" деп бағалады – BFM телеарнасы.

  • РФ Қорғаныс министрлігі: Украинадағы гуманитарлық жағдай жылдам нашарлап барады, ал кейбір қалаларда апатты деңгейге жетті.

  • Әзірбайжан Ресей Федерациясы мен Украина кездесуіне арағайындық танытуға дайын екенін айтты: Украина тарапынан мұндай ұсыныс болған.

  • АҚШ-тың Украинаға Жаңа көмек пакетіне танкке қарсы және зениттік жүйелер мен атқыш қарулар енеді, деп жазады батыс БАҚ-тары.

  • Украинаның резервтік қоры қорғаныс секторы мақсатында 1,7 миллиард долларға артады, - деді премьер-министр.

  • Владимир Зеленский Ресей әскерлерімен ынтымақтасуға шешім қабылдаған украин шенеуніктері "өз-өздеріне үкім шығарды" деп ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: