Ресей Байденге, Блинкенге, Клинтонға және Псакиға қарсы санкция енгізді
РФ СІМ сайтында таяу уақытта жоғары лауазымды америкалық шенеуніктердің, әскерилердің, заң шығарушы және кәсіпкерлік өкілдердің аты-жөні қамтылған кеңейтілген санкция тізімі жарияланатын болады делінген.
Әзірге, РФ СІМ-нің АҚШ-тың келесі шенеуніктері мен саясаткерлеріне қатысты "стоп парақшасын" жариялағаны белгілі болды:
Джозеф Байден (Joseph Robinette Biden);
Энтони Блинкен (Anthony John Blinken);
Ллойд Остин (Lloyd James Austin III);
Марк Милли (Mark Alexander Milley);
Джейкоб Салливан (Jacob Jeremiah Sullivan) – АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі;
Уильям Бернс (William Joseph Burns) – ОББ директоры.
Дженнифер Псаки (Jennifer Rene Psaki) – Ақ үйдің баспасөз хатшысы;
Далип Сингх (Daleep Singh) – АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары;
Саманта Пауэр (Samantha Jane Power) – Халықаралық даму агенттігінің директоры;
Хантер Байден (Robert Hunter Biden) – АҚШ президентінің ұлы;
Хиллари Клинтон (Hillary Diane Rodham Clinton) – АҚШ президенті сайлауына қатысқан саясаткер;
Адевейл Адейемо (Adewale Adeyemo) – Қаржы министрінің бірінші орынбасары;
Рета Джо Льюис (Reta Jo Lewis) – Экспорттық-импорттық банктің президенті және директорлар кеңесінің төрағасы.
Жуырда руссофобиялық көзқарастарды немесе Ресейге деген өшпенділікті қоздыруға және шектеу шараларын енгізуге байланысты АҚШ-тың жоғары шенді шенеуніктерін, әскери қызметкерлерін, заң шығарушы өкілдерін, кәсіпкерлерін, сарапшылары мен медиа тұлғаларын қамтитын санкциялардың кеңейтілген тізімі туралы жаңа мәлімдеме жасалады. РФ СІМ баспасөз қызметі
Бұл әрекеттер Ресей экономикасын қорғау және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Ресей Федерациясы Үкіметінің қаржылық-банктік және басқа салалар бойынша қабылдаған кең ауқымды шешімдерінің үйлесімді құрамында жүзеге асырылады делінген.