Жаңалықтар тізбегі
0

Зеленский қару-жарақ сұрады, Еуропа Ресей дипломаттарын жаппай қайтарып жатыр

Еуропа, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 22:32 Сурет: pexels
Келіссөздер барысында Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский Украина бірінші рет Ресейдің бірқатар маңызды шарттарын орындауға дайын екенін мәлімдегенін айтты. Қытай Батыс елдерінің Мәскеуге қарсы жариялаған санкцияларын қолдамайтынын тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Киев және Чернигов бағыттарындағы деэскалация (тыныштық) атыстың тоқтағанын білдірмейді – Мединский.

  • Украинаның Жоғарғы Радасына Ресейді қолдауды білдіру сипатындағы Z, V және O таңбаларын пайдалануға, өндіруге және таратуға тыйым салатын депутаттық заң жобасы енгізілді. Бұл заңды бұзған адамды 5 жылға бас бостандығынан айыру ұсынылады.

  • Нидерланды 17 ресейлік дипломатты еліне қайтарды. Нидерланды СІМ басшысы оларды астыртын әрекет ететін барлаушылар деп санайтындарын мәлімдеді. Сондай-ақ, Бельгия Ресей Федерациясының 21 дипломатын , Ирландия төртеуін және Чехия біреуін еліне қайтарады.

  • Борис Джонсон Украинаны "қырып-жоятын" мықты қару-жарақпен қамтамасыз еткісі келетінін айтты, деп жазады Times. Басылымның мәліметінше, Лондонның Киевке қандай қару тасымалдауы мүмкін екенін министрлер кабинетінің басшысы нақтыламады.

  • РФ Тергеу комитеті Украинаның қауіпсіздік күштеріне қатысты сегіз тұтқынды азаптау және өлтіруге әрекеттену бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік.

  • Люксембург Қаржы министрлігінің басшысы Юрико Бакес Парламентке ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларының имплементация процесі жайын баяндады. Сондай-ақ Люксембург 2,5 миллиард евроның ресейлік активтерін бұғаттады.

  • Мединский: Украина алғаш рет Ресей Федерациясымен тату көршілік қатынастар орнатудың бірқатар маңызды шарттарын орындауға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол "Ресейдің Қырым мен Донбасқа қатысты қатаң ұстанымы өзгеріссіз қалады" деп атап өтті.

  • Украинадағы дағдарыс Еуропаның қауіпсіздік саласындағы ұзақ жылдар бойы қордаланған қайшылықтарының "жарылысына" айналды, - деді ҚХР СІМ басшысы ресейлік әріптесімен кездесуі кезінде.

  • Қытай Батыс елдерінің Мәскеуге қарсы енгізген санкцияларын қолдамайтынын тағы да мәлімдеді. Қытай Сыртқы істер министрі Ван Идің айтуынша, "қатаң шектеу шаралары қолайсыз және қақтығыс тараптарына жатпайтын елдерге де зиянын тигізуде".

  • Ресей серіктестермен қарым-қатынаста Батыс енгізген санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік беретін жолдарды қарастыруды жалғастырады, - деді СІМ басшысы Лавров.

  • Украина Қорғаныс министрі Александр Мотузяник Киев пен Чернигов аумағынан Ресей әскерлерінің жаппай кетуі байқалмайтынын айтты, тек ішінара байқалады, онда да бұл бөлімшелердің жарақталуымен байланысты.

  • Ұлыбританияның вице-премьері және Әділет министрі Рааб Украинаның өз елінің қауіпсіздігінің кепілі болу мүмкіндігі туралы өтінішін қарастыратынын мәлімдеді, бірақ Альянс шеңберіндегі НАТО мүшелерінің міндеттемелерін өз мойындарына жүктей алмайтындарын да жеткізді.

  • Владимир Зеленский Норвегия Парламентіне қаратып жасаған үндеуінде Украинаға ұрыс кемелеріне қарсы қару мен әуе шабуылына қарсы жүйелер, бронетранспортерлер мен артиллерияның көзін жоюға арналған құралдар қажет екендігін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: