ЕП Ресей мұнайы мен газының импортына тыйым салуға шақыратын қарар қабылдады

Қарар, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 20:36 Сурет: Instagram/europeanparliament
Еуропарламент (ЕП) ресейлік энергия ресурстарының импортына толықтай тыйым салуға шақыратын қарар қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мәлімет Еуропарламент сайтында жарияланды.

Шешімді мақұлдап, 413 депутат дауыс берді, ал 93-і қарсы дауыс берді, 46 депутат дауыс беруден қалыс қалды.

Егер Ресей "Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қалпына келтіру шараларын қабылдаса", сондай-ақ әскерлерін өзге елдің аумағынан шығарса, ЕП бұл шешімін қайта қарастыратыны нақтыланады.

Депутаттар бұл ретте Еуроодақ энергетикалық қауіпсіздіктің нақты стратегиясын көздеуі тиіс деп санайды.

Еуропарламенттің қарарлары Еуроодақтың атқарушы инстанциялары үшін міндетті сипатқа ие емес.

Еуропалық Одақ кеңесі Ресейге қарсы санкциялардың бесінші пакетін әзірлеп жатыр, оған байланысты ресейлік көмір тасымалына тыйым салынуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: