Жаңалықтар тізбегі
0

Байден Ресей мұнайы мен газының импортына тыйым салатын заңға қол қойды

Заң жобасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2022 10:33 Сурет: Instagram/joebiden
АҚШ президенті Джо Байден жұма күні Конгресс мақұлдаған Ресей және Беларусьпен қалыпты сауда-саттық қатынастарды доғаруды көздейтін заң жобаларына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"HR 6968," Ресей мұнайының импортына тыйым салу туралы Заң"... HR 7108," Ресеймен және Беларусьпен қалыпты сауда-саттық қатынастарды доғару туралы Заң", делінген Ақ үй сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Ведомствоның баспасөз қызметі нақтылағандай, Ресей мұнайының импортын тоқтату туралы Заң осы салада заңнамалық тұрғыда тыйым салуды көздейді. Шын мәнінде, бұл құжат бұрын қабылданған Президент жарлығын қайталайды.

АҚШ азаматтарына "қай жерде болмасын" Ресеймен байланысты кез-келген жаңа инвестиция жасауға да тыйым салынады. Сондай-ақ, шектеулер экспорттық бақылауға жататын тауарлардың кез-келген санатын экспорттауға, қайта экспорттауға, сатуға немесе жеткізуді де қамтиды.

Қалыпты сауда қатынастарын тоқтату деген Америка Құрама Штаттарының әкімшілігіне ДСҰ-ға мүше басқа елдерге қарағанда жоғары баж салығын белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл шара 2024 жылдың басына дейін қолданылатын болады.

Бұған дейін АҚШ сенаторлары Украинадағы жағдайға байланысты Ресейден энергия ресрустары импортынан бас тартуға қатысты дауыс берген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: