Песков Ресейдің жетістікке жететініне сенімді, Мариупольдағы жағдай өте күрделі

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 21:30 Сурет: Украина Президентінің интернет өкілдігі
Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Украинаға қатысты алға қойған міндеттері орындалады, бұған күмәнданудың қажеті жоқ, деп мәлімдеді. "Мәскеу" зымыран крейсері Севастопольдегі Әскери-теңіз базасына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Украина ІІМ басшысының кеңесшісі Вадим Денисенко ұсталған "Оппозиционная платформа – За жизнь" партиясы саяси кеңесінің төрағасы Виктор Медведчуктің "мықтап жасырылғанын және оның ешқайда кетпейтінін" айтты.

  • Украина Қарулы Күштерінің 36-шы теңіз бригадасының командирі Сергей Волына Украина билігін қысқа мерзім ішінде Мариупольді блокададан босатуға шақырды. Оның айтуынша, жағдай өте күрделі.

  • Украина және оның шетелдік серіктестері бүгіндері Ресей Федерациясының ядролық қаруды қолдана алатындай белгілерді байқамады, - деді Украина Қорғаныс министрлігінің спикері Александр Мотузянык.

  • Америкалық жоғары лауазымды шенеунік The Washington Post газетіне берген сұқбатында "Мәскеу" крейсеріне Украинаның кемеге қарсы зымыранымен соққы берілгенін айтқан. Бірақ ол бұл арада қандай қарулану жүйесі қолданылғанын нақтыламады.

  • Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапидтің Ресей Федерациясының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелігін тоқтату турасына қатысты мәлімдемесі өкініш тудырады, делінген Ресей дипломатиялық агенттігінің хабарламасында.

  • Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Украинаға қатысты алға қойған міндеттері орындалады, бұған күмәнданудың қажеті жоқ, деп мәлімдеді.

  • "Мәскеу" зымыран крейсерінің экипажы Севастопольдегі Әскери-теңіз базасына аман-есен жеткізілді, деп жазады ТАСС агенттігі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: