Рио-де-Жанейрода рейдтің соңы атысқа ұласып, 21 адам қайтыс болды

Атыс салдарынан кемі 11 адам жараланды. Зардап шеккен бейбіт тұрғындар арасында 41 жастағы әйел де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рио-де-Жанейрода полиция рейдінің соңы атыспен аяқталды: кемінде 21 адам қаза тауып, тағы 11 адам жараланды, деп жазды 24.kz
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, операция қылмыстық топ басшыларын тауып, ұстауға бағытталған.
Зардап шеккендердің арасында 41 жастағы әйел де бар. Тұрғындар зардап шеккендерді құтқаруға тырысқанымен, үлгере алмады.
Айта кетейік, мұндай рейд қалада былтыр да жүргізілген. Ол кезде 28 адам қайтыс болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript