Үйіне тарақан кіргізуге рұқсат еткен америкалыққа 2000 доллар беріледі

Америка, тарақан, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2022 16:29 Сурет: pixabay
Солтүстік Каролинада орналасқан The Pest Informer америкалықтарды тарақанмен күресуге көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания үйіне100 тарақан кіргізуге рұқсат ететіндерге 2000 доллардан ақша берілетінін хабарлады.

Зерттеуге жеті үй қатысуы тиіс, деп жазды Foxnews. Олар үйінде түсірілім жасауға рұқсат беріп, тарақанға қарсы арнайы құралды сынап көруі керек.

Эксперимент 30 күнге созылады. Компания тарақанға қарсы жаңа препарат адамдар мен үй жануарларына мүлдем қауіпсіз екенін мәлімдеді.

Егер зерттеудің соңында тарақандар жойылмағаны анықталса, компания дәстүрлі, дәлелденген жолдармен тарақанды тазартуға уәде берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: