Ресейлік теннисші Уимблдонға бола азаматтығын ауыстырды
Сурет: Facebook/Natela Dzalamidze
Сәуірде Уимблдон ұйымдастырушылары Украинадағы әскери қақтығысқа байланысты Ресей мен Беларусь спортшыларына турнирге қатысуға тыйым салды. Осыған байланысты Ресей намысын қорғап келген теннисші Натела Дзаламидзе Уимблдон турнирінд Грузияның атынан өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол тізімге Грузия өкілі ретінде енді, деп жазды Deutshe Welle.
27 маусым мен 10 шілде аралығында өтетін Үлкен дулыға турнирінде Дзаламидзе серб Александра Круничпен бірге өнер көрсетеді.
Сәуір айында Уимблдонды ұйымдастырушылар – Англияның лаун-теннисі және крокет клубы (AELTC) және Лаун-теннисі қауымдастығы (LTA) Украинадағы әскери қақтығысқа байланысты Ресей мен Беларусь спортшыларына турнирге қатысуға тыйым салған. Ұлыбританиядағы теннистен басқа да жарыстарға Ресей мен Беларусь спортшыларына тыйым салынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript