Топ-50-ге кіретін ресейлік теннисші Қазақстан атынан өнер көрсетеді

Александр Шевченко, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2024 11:08 Сурет: instagram.com/shevchenkoo_17
23 жастағы ресейлік теннисші Александр Шевченко енді Қазақстан атынан өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шевченко ATP рейтингінде 48-орында тұр.

"Қазақстанның атынан аса мақтанышпен өнер көрсетемін. Жанкүйерлерге өз ойыным арқылы ләззат сыйлаймын деп үміттенемін. Әрине, мен бұл сәтті асыға күтемін. Бұл ел маған сенім білдірді және мен мұның бекер емес екенін көрсету үшін бәрін жасауға тырысамын", - деп жазды Шевченко Instagram-дағы парақшасында.

Теннисшінің сұхбатын Қазақстан теннис федерациясының YouTube-каналынан көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: