Канада Сенаты бұғатталған Ресей активтерін сату туралы заң жобасын мақұлдады

Санкция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2022 11:20 Сурет: pixabay
Канада Парламентінің жоғарғы палатасы көпшілік дауысқа ие болған осы негіздегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл арада Канада жариялаған санкция тізіміне енетін жеке тұлғалардың бұғатталған 123 миллион доллары туралы сөз болып отыр, деп жазады rg.ru.

Одан бөлек осы ел аумағында бұғатталған 289 миллион доллардың транзакциялары да бар.

Сенаторлар бекіткен заң жобасын генерал-губернатор мақұлдауы керектігі айтылады. Осыдан кейін мемлекет активтерді "халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіру мақсатына" бағыттай алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: