Қазақстанда Ресейге баратын жаңа екі әуе бағыты пайда болады

әуерейсі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 13:23 Сурет: Zakon.kz
Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Ресей Федерациясының авиациялық билік органдарымен бірлесіп, Алматы – Уфа бағытында жаңа бағыт ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, ресейлік Red Wings әуе компаниясы 4 тамыздан бастап мына бағыттар бойынша тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр:

Алматы – Уфа, аптасына бір рейс, бейсенбі күндері;

Нұр-Сұлтан – Уфа, аптасына бір рейс, бейсенбі күндері.

Әуе рейстері СУ-95 типті ұшақтарымен орындалады.ААК баспасөз қызметі

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Ресейдің авиациялық билік органдарымен бірлесіп, Алматы – Красноярск және Нұр-Сұлтан – Красноярск бағытында екі жаңа бағыт ашатыны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: