Чилиде тереңдігі 200 метр болатын алып шұңқыр пайда болды
Сурет: pixabay
Чилиде Алькапаррос мыс шахтасының маңында диаметрі 25 метр, тереңдігі 200 метр болатын алып шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оны зерттеуге елдің Ұлттық геология қызметінің мамандары тартылды, деп жазды 24.kz.
Әзірге ойықтың неден пайда болғаны белгісіз. Кей болжамдар кен орнынан пайда болуы мүмкін дегенге саяды. Шахта басшылары барлық қызметкерлер мен жақын маңда тұратын тұрғындар дін аман екенін айтады. Шұңқырға ең жақын орналасқан үй 600 метр қашықтықта орналасқан.
Бұл жағдай жергілікті шенеуніктерді алаңдатып отыр. Өйткені шұңқыр барған сайын кеңіп барады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript