Оңтүстік Кореяда толассыз жауын бірнеше адамның өмірін жалмады
Сурет: видеодан скриншот
Сеулде соңғы 80 жылда жаумаған жаңбыр жауып, салдарынан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тағы алты адам із-түзсіз кетcіп, тоғыз адам түрлі жарақат алған, деп мәлімдеді «Хабар 24».
Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні жауған нөсердің соңы су тасқынына ұласып, Сеул көшелеріндегі қозғалысты қиындатты.
Мемлекет басшысы Юн Сок Ёль мемлекеттік және жеке сектордағы қызметкерлердің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізуге үндеді. Президент әкімшілігі апат салдарын жоюға көшті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript