Украинадағы жағдай: БҰҰ Бас хатшысы Львовқа барады

Украина, БҰҰ, шенген визасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2022 22:19 Сурет: unsplash
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы аптада Львов пен Одессаға барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Финляндия ресейліктерге беріліп қойған Шенген визаларынан бас тартпайтынын мәлімдеді.

  • Литва Сыртқы істер министрлігінің басшысы Еуроодақ деңгейінде ресейліктерге берілген барлық туристік Шенген визаларын жоюды ұсынды.

  • Эстония Еуроодақтың басқа елдерінде Шенген визасын алған ресейлік азаматтарды заңды түрде өз аумағына кіргізбеуі мүмкін – Эстония Сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалу.

  • Поляк шенеуніктері Ішкі қауіпсіздік агенттігінің ұсыныстарына сілтеме жасай отырып, ресейліктердің уақытша тұруына және жұмыс істеуіне рұқсат бермей отыр, деп жазды Trojmiasto.

  • Украиналық командирлерге сарбаздардың өсиетін куәландыруға рұқсат етілді. Бұрын мұндай құқыққа тек нотариустар ғана ие болатын.

  • БҰҰ Бас хатшысы Зеленскиймен және Ердоғанмен кездесу үшін Львовқа барады.

  • Грузияда әндерді орыс тілінде айтуға наразылық білдіре бастады.

  • Украинада жалпы құны шамамен 9,5 миллион доллар болатын, жартылай дайын өнімдер шығаратын ресейлік кәсіпорынның активтері қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: