Жаңалықтар тізбегі
0

Львовта Зеленский мен Ердоғанның кездесуі басталды

Украина, Түркия, Львов, БҰҰ Бас хатшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2022 19:13 Сурет: Facebook/RTErdogan
Ердоғанмен бірге Зеленскиймен келіссөздерге үлкен делегация келді. Делегация құрамында министрліктердің, сондай-ақ «Байрақтар» өндірушісінің басшылары бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Львовта Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуін бастады, деп жазды РБК.

Президенттер қала орталығында орналасқан сәулет ескерткіші Потоцкий сарайында кездесті.

Ердоған Украинаға бүгін таңертең ұшып шықты. Оның ұшағы Польшаның Жешув әуежайына қонды, сол жерден түрік президенті Львовқа аттанды.

Сапар барысында ол Зеленскиймен кездесуден бөлек, Украина президенті және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен үшжақты келіссөздер жоспарланған.

Бұл кездесуде олар Запорожье атом электр стансасы төңірегіндегі жағдайды, Еленовкадағы тергеу изоляторын атқылауға байланысты тергеу барысын, сондай-ақ «астық мәмілесін» іске асыру барысын талқылайды. Атап айтқанда, Гутерриш Одесса порттарының біріне баруды жоспарлап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: