Украинадағы жағдай: Ресей арнайы мәлімдеме жасамақ

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2022 22:54 Сурет: zakon.kz
Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель ресейліктерге визаға толық тыйым салу идеясын қолдамайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Ресейлік журналист Дарья Дугинаның өліміне кінәлі деп танылған Украина азаматшасына Ресей Федерациясына экстрадициялау үшін іздеу жарияланды, деп хабарлады РФ құқық қорғау органдары.

  • Украина президентінің кеңсесі ресейлік Дарья Дугинаның өліміне украин арнайы қызметінің қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

  • Әйелдерді әскери есепке алу туралы заң әлі де пысықталады, сондықтан әскери қызметке міндеттелетін әйелдер тізілімін құру кейінге қалдырылды, деп хабарлайды укриан бұқаралық ақпарат құралдары.

  • Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасы бейсенбі күні Украинаға қатысты арнайы мәлімдеме жасалады. Бұл туралы «Әділетті Ресей – ақиқат үшін» фракциясының жетекшісі Сергей Миронов айтты..

  • Львовта Запорожье АЭС төңірегіндегі күрделі жағдайға байланысты ықтимал ядролық немесе химиялық шабуылға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлады қала мэрі Андрей Садовой.

  • Санкцияға байланысты 1 қарашадан бастап Сербия елге танкерлермен Адриатика теңізі арқылы, сонан соң Хорватия арқылы өтетін құбырмен жеткізілетін ресейлік мұнайды ала алмайды.

  • Украина, Литва, Латвия, Эстония, Польша, Румыния, Словакия және Венгрия қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін Киев бастамасы форматында бірікті.

  • Украинаның Тәуелсіздік күніне, 24 тамызға қарай ресейлік хакерлік шабуылдар күшейе түсуі мүмкін, деп ескертті Мемлекеттік арнайы байланыс қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: