ЕО демократияға нұқсан келтіру үшін жалған ақпарат қолданатындарды жазаламақшы

Жаңа тетік, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 23:59 Сурет: pixabay
Еуроодақтың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жозеп Боррель Брюссельдегі ЕО СІМ басшыларының кездесуінде Еуроодақ демократия мен демократиялық институттарына нұқсан келтіру үшін жалған ақпарат қолданатындарды жазалаушы тетік әзірленетінін мәлімдеді.
Ақпаратты бұрмалау - бұл соғыс қаруы. Сондықтан біз демократияға және демократиялық институттарымызға жалған ақпарат беру арқылы зиян келтіретіндерді жауапқа тарту тетігін құруға кірісеміз, – деп келтіреді Боррел сөзін ТАСС агенттігі.

Механизм қалай жұмыс істейтіні әлі белгісіз. Алайда, оны сыртқы саяси қызмет әзірлейтіні белгілі. Атап көрсетілгендей, бұл жеке тұлғалар мен ұйымдарға, соның ішінде БАҚ-қа қолданылуы мүмкін жаңа санкциялық тетіктің құрылатынын білдіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: