Бразилия джунглиінде бір тайпаның ең соңғы өкілі қайтыс болды
РБК басылымының жазуынша, оның денесін Үндістердің ұлттық қорының қызметкерлері үйінің жанындағы гамактан тауып алған.
Сондай-ақ оқиға орнында бөтен адамдардың ізі мен алысу белгілері табылмағаны айтылды.
Бразилияның Рондония штатында жалғыз үндіс тұратыны туралы ақпараттар 1996 жылы тарала бастады.
Оны жұрт «Шұңқырдан шыққан адам» деп атап кетті: өйткені оның әр тұрағынан терең тесіктер табылды. Ол шұңқырды аң аулау және қолайсыз ауа-райында паналау үшін пайдаланды деп болжанады.
lenta.ru сайтының жазуынша, оның тайпасын 1970-1980 жылдары джунглидегі аумақты басып алған ағаш өңдеушілер мен фермерлер жоя бастаған. 1995 жылы олар бес адамнан тұратын соңғы топты өлтірді.
Оның аты-жөнін, тайпаластары туралы мәліметтерді ешкім білмейді. Оның өлімімен тайпаның геноциді аяқталды. Фиона Уотсон, Survival International
Сонау 2018 жылы соңғы үндіс видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Бейнежазбадан Шұңқырдан шыққан адам балта тәрізді құралмен ағаш шауып жатқанын көруге болады.