Жаңалықтар тізбегі
0

Британияда жас қыз TikTok-челлендждің кесірінен мойнын сындырып алды

Британия, TikTok, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2022 13:51 Сурет: pixabay
18 жастағы Платтың беті бері қарады, бірақ әлі де толық айыққан жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Британдық хоккейші Сара Платт қауіпті TikTok челленджіне қатысамын деп, мойнын үш жерден сындырып алды, деп жазды «Известия».

Бойжеткен хайпқа ұмтылған жастарды кей челленджің қауіпті екенін ұмытпауға шақырды. Оның айтуынша, 16 жасында достарының қолқалауымен қауіпті сынақққа қатысқан.

Челленджің шарты бойынша, екі адам үшіншісін құлатуы керек. Платт оған қатысқысы келмегенімен, достары қоймай үгіттеген соң қатысқан. Салдарынан қыз жерге баспен түсіп, мойын омыртқасын үш жерден сындырған. Ол ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізіліпті. Достары да бұл челленджге қатысқан, бірақ олар еш зардап шеккен жоқ.

Екі жылдық реабилитациядан кейін 18 жастағы Платт орнынан тұрды, бірақ әлі күнге дейін жарақатының азабын тартып келеді. Қыздың анасы оның жолы болғанын айтады, өйткені ол тірі қалды әрі өздігімен жүре алады.

Біз TikTok үшін видео түсіру көңілді және күлкілі болады деп ойладық, бірақ олай емес. Басқалар мұндайды істеуге болмайтынын білсе екен деймін, өйткені ойыннан от шығуы мүмкін.Сара Платт

8 шілдеде сотқа Италия, Австралия және Америка Құрама Штаттарынан жеті баланың өмірін қиған қауіпті челлендж тарағаннан кейін TikTok әлеуметтік желісіне қарсы бірнеше талап арыз түсті.

Бұл челлендждің шарты бойынша, қатысушы мүмкіндігінше ұзақ дем алмау керек. Ол үшін қолда бар кез келген құрал пайдаланылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: