Жаңалықтар тізбегі
0

Рим Папасы қазақстандықтарға қандай медаль табыстады – теолог түсіндірді

 kudaibergenov.dimash, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2022 16:46 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Рим Папасы Франциск белгілі қазақстандық тұлғаларға, оның ішінде Димаш Құдайбергенге арнайы марапаттар табыс етті. Олар қандай медальдар, олардың маңызы мен мәні қандай? Zakon.kz бұл туралы теолог әрі католиктік ілім саласының маманы Александр Адоменастан сұрады.

13 қыркүйекте Қазақстан президентінің шақыруымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу үшін Рим Папасы Франциск елімізге келді. Сол кезде Рим Папасы Франциск Қазақстанның белгілі тұлғаларына естелік медальдар табыс етті.

Оның ішінде Димаш Құдайберген арнайы марапатқа ие болды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Католиктік ілім саласының маманы Александр Адоменастың айтуынша, мәңгілік қаланы еске алу үшін кейбір заттарды, кәдесыйларды алып кету дәстүрі ерте заманда пайда болған.

Ол итальяндық монета сарайының Ватикан үшін Рим Папасының суреті бар монеталар соғатынын түсіндірді. Сонымен қатар мұнда түрлі нумизматикалық медальдар, ордендер, төсбелгілер және тағы басқа бар.

Папалар дүние жүзіне мемлекеттік сапарлар жасай бастағаннан бері естелік сыйлық ретінде өздерімен бірге түрлі медальдар мен ордендерді алып жүру әдетке айналды. Әдетте мұндай медальдар Рим Папасы Франциск ресми сапармен келген Нұр-Сұлтанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты маңызды тұлғаларға, ресми кездесулердің немесе съездердің қонақтарына беріледі. Рим понтификінің қазақстандық саяси, қоғам және мәдениет қайраткерлеріне тапсырған мерейтойлық медалінде Әулие Мария мен Қазақстанның символдарының бірі – шаңырақ бейнеленген, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің нөмірі мен өткен шараның атауы Латын рим цифрларымен көрсетілген.Теолог, католиктік ілім саласындағы маман Александр Адоменас

Медальдың бұл түрі Рим Папасының Қазақстанға сапары үшін арнайы шығарылған.

Католиктер үшін мұндай медаль алу Рим Папасының батасын алу дегенді білдіреді. Ал зайырлы адамдар үшін бұл медаль Рим понтификімен жылы кездесуді еске түсіреді.Александр Адоменас, теолог, католиктік доктрина саласындағы маман

Теолог бұл жағдайда сыйлық қораптарының түстері (көк және қызыл) маңызды емес екенін түсіндірді. Бұл ештеңені білдірмейді.

Меніңше, бұл медальдардағы суреттер бірдей. Әдетте бұл медальдардың пішіні, сыртқы түрі бірдей болады және бағалы металдардан жасалмайды. Бұл медаль коллекционерлер үшін нумизматикалық құндылыққа ие болуы мүмкін. Демек медальдың материалдық емес, рухани құндылығы жоғары.Александр Адоменас
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: