Шекара аумағындағы қақтығыс салдарынан 36 қырғыз азаматы опат болды
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 36 қырғыз азаматы қаза тапты, 134 адам жарақат алды, деп хабарлады қырғыздың Денсаулық сақтау министрлігі.
Тәжік тарапынан зардап шеккендер мен қаза болғандардың жалпы саны туралы ресми мәлімет жоқ. Тәжікстан ҰҚК бір күн бұрын төрт адамның оқтан жараланғанын мәлімдеген болатын.
Тараптар қақтығыстың ушығуына бір-бірін кінәлайды.
16 қыркүйекте таңертең қырғыз бен тәжік шекарасындағы бірнеше учаскеде атыс басталды. Лейлек және Баткен аудандарындағы елдімекендерге оққа жаудырылды.
Бұған дейін Қырғыз Республикасының Тәжікстанмен шекаралас Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Қырғыздың шекаралас аудандарынан 137 мыңға жуық адам эвакуацияланды.
17 қыркүйекте Қырғызстан Президенті халқына үндеу тастап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.