Жапонияда тайфун салдарынан 43 адам зардап шекті
Сурет: pixabay
Синоптиктер циклон Кюсю аралының оңтүстік жағалауына жақындап, одан кейін солтүстік-шығысқа қарай Хонсю аралына қарай жылжиды деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жапонияның Кюсю аралында болған "Нанмадол" тайфуны салдарынан кем дегенде 43 адам зардап шекті. Бұл туралы NHK хабарлады.
Жапонияның Кюсю аралының 2,5 миллионға жуық тұрғынына үйін тастап, эвакуациялық орталықтарға көшуге кеңес берілді.
Миядзаки мен Кагосима префектураларында 60 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.
Кюсю аралы мен Чугоку аймағындағы 300 мыңнан астам үй шаруашылығы да сымдардың үзілуі мен апаттың басқа да салдарынан жарықсыз қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript