Ұлыбританияда патшайыммен қоштасу рәсімі аяқталды

Елизавета II, Ұлыбритания, патшайым, қоштасу рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 17:17 Сурет: видеодан скриншот
Ұлыбританияда бүгін, 19 қыркүйекте патшайым II Елизаветамен қоштасу рәсімі өтті. Еске алу кешіне патшайым ұзақ билік құрған тұста кездескен әлем көшбасшылары қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс патшайыммен қоштасты. Салтанатты шарада Лиз Трасспен бірге Борис Джонсон, Дэвид Кэмерон, Гордон Браун және Джон Мейжор да болды.

Сурет: видеодан скриншот

Президент Джо Байден әйелі Джилл Байденмен бірге Вестминстер аббаттығына келді.

Сурет: видеодан скриншот

Қоштасу рәсіміне Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның жұбайы Брижит Макрон, Бельгия королі Филипп пен оның жұбайы патшайым Матильда, Канада премьер-министрі Джастин Пьер Джеймс Трюдо мен оның жұбайы Софи Трюдо да қатысты.

Сурет: видеодан скриншот

8 қыркүйекте патшайым II Елизавета қайтыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі Чарльз III-ке анасы Елизаветаның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: