Ресей акциялар нарығы сатылым басталғанда тағы 8%-ға құлдырады

Ресей, акциялар нарығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2022 13:55 Сурет: pixabay
Мәскеу биржасының индексі 21 қыркүйектегі сауда-саттықтың ашылуында тағы 8%-ға төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей акциялар нарығы сауда-саттық басталғанда тағы 8%-ға төмендеді. Бұл жағдай Ресей президенті Владимир Путиннің ішінара мобилизациялау туралы мәлімдемесін кейін болды.

Акциялары құлдыраған компаниялар арасында  OZON, Polymetal, FIXP, ЭН+ГРУП, VK т.б. бар.

Сурет: moex.com

Мәскеу биржасында еуро 6 қыркүйектен бері алғаш рет 62 рубльден асты.

20 қыркүйекте сауда кезінде Мәскеу биржасының индексі 10%-дан астамға құлдырап, акциялар нарығында ресейлік компаниялардың акциялары құлдырады. Бұған өзін-өзі жариялаған ДХР мен ЛХР, сондай-ақ Украинаның Херсон облысында референдум өткізу туралы мәлімдемелер ықпал етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: