Ресей Қорғаныс министрлігі Қазақстанның мемлекеттік органдарына жүгінбеді

Қазақстан-Ресей, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2022 18:51 Сурет: ortcom.kz
Ресей Қорғаныс министрлігі Қазақстаннан және басқа елдерден ресейліктердің оралу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей қорғаныс министрлігі ресейліктерді қайтаруды жоспарланып отырған жоқ деп түсіндірді.

Ішінара жұмылдыру аясында Қорғаныс министрлігі Қазақстанның, Грузияның және басқа да елдердің мемлекеттік органдарына ресейліктердің күштеп оралуы туралы болжамды өтініштер жібермеген, әзірлемеген және жоспарлап отырған жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости Telegram каналы.

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов брифингте 21 қыркүйектен кейін кеткен азаматтарды Ресей билігіне экстрадициялау қарастырылып жатқан жоқ па, соған жауап берген еді.

Ол Қазақстан мен Ресей арасында құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды айырбастау және қылмыскерлерді экстрадициялау бойынша келісімшарттық қатынастар бар екенін еске салды. Мұндағы ең маңызды қағида – Қазақстанда да, Ресейде де бұл қылмыстық жазаланатын әрекет болуы керек.

2022 жылдың 21 қыркүйегінен бері Қазақстанға 98 мыңға жуық ресейлік келген. Қыркүйектің 21-і күні Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жариялап, Ресейде ішінара мобилизация туралы жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: