Қорғаныс министрлігі сарбаздарға киік етінен жасалған консервілер берілмейтінін мәлімдеді

Школьная столовая, школьные повара, еда в школе, школьный буфет, питание в школах, питание в школе, школьное питание, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 15:38 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Мәжіліс кулуарында әскери қызметшілердің тамақтану рационына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер сарбаздардың мәзіріне киік етінен дайындалған консервілерді енгізу мүмкіндігі туралы сұрады.

"Қазіргі уақытта әскери бөлімдердің мәзірінде консервілер жоқ, сарбаздарға жаңа піскен ет беріледі. Киік етінен жасалған консервілерді рационға қосу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Құрғақ азық-түлік жиынтығының да арнайы бекітілген құрамы бар. Сондықтан оған да мұндай өнімдерді енгізу жоспарда жоқ", – деді Асқар Мұстабеков.

Оның айтуынша, бүгінде әскердегі тамақтану жүйесін жетілдіру бағытында пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

"Қазір 3-4 әскери бөлімде швед үстелі форматындағы тамақтану жүйесі енгізілуде. Мәзірде жеміс-жидектер де бар. Бұл жоба қосымша қаржыландыруды қажет етпейді, барлығы бекітілген бюджет аясында іске асырылып жатыр", – деді министрдің орынбасары.

Егер пилоттық жоба оң нәтиже көрсетсе, оны еліміздің өзге әскери бөлімдерінде де енгізу жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: