Әскери кафедраны тәмамдаған түлектер неге әскерге шақырылады – Қорғаныс министрлігі түсіндірді
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Мәжіліс кулуарында әскери кафедраны бітірген жоғары оқу орындары түлектерін әскерге шақырудың себебін түсіндірді.
Журналистер бұл тәжірибе кәсіби әскери кадрлардың жетіспеушілігімен байланысты ма деген сауал қойған.
"Жоқ, кәсіби әскери қызметкерлер жеткілікті. Қазіргі таңда олар Қарулы күштердің жұмылдыру резервін қалыптастыру мақсатында шақырылып жатыр. Мұндай азаматтар екі жылға, яғни 24 ай мерзімге әскери қызметке тартылады", – деді Асқар Мұстабеков.
Еске салайық, бұған дейін Асқар Мұстабеков әскери қызметтегі ер азаматтардың декреттік демалысқа шығуына қатысты нормаларды түсіндірген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript