Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептердегі оқу ақысының қымбаттауын түсіндірді
Фото: Дмитрий Дегтярев
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков 2026 жылғы 17 маусымда Мәжіліс кулуарында ақылы негіздегі баламалы әскери қызметтің қолжетімділігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистердің айтуынша, бір жыл бұрын әскери-техникалық мектептердегі оқу құны 390 мың теңге болса, биыл ол 545 мың теңгеге дейін өскен. Бұл мектептер азаматтарға ақылы негізде баламалы әскери қызметтен өтуге мүмкіндік береді. Оқу мерзімі 40–46 күнді құрайды және мерзімді әскери қызметтің орнына есептеледі. Курсты аяқтағандарға әскери билет беріледі.
Осыған байланысты БАҚ өкілдері оқу ақысының неліктен қымбаттағанын сұрады.
"Онда оқитын азаматтар әскери киіммен қамтамасыз етіледі, тамақтанады, жатын орын беріледі. Бұл шығындардың барлығы жыл сайын индекстеледі. Бағаның өсуіне осы факторлар әсер етті. Бұл – квазимемлекеттік мекеме, сондықтан осындай шешім қабылданған", – деді Асқар Мұстабеков.
Айта кетейік, 2025 жылғы 5 қарашада әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау қағидаларына өзгерістер енгізілген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript