Қорғаныс министрлігінде казармаларға камералар мен жасанды интеллект қашан орнатылатыны айтылды
Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Мәжіліс кулуарында әскери бөлімдерде бейнебақылау жүйелерін енгізу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.
Журналистер бейнекамералар әскери қызметтегі құқық бұзушылықтар мен жарғыдан тыс қатынастардың алдын алуға көмектесе ме, сондай-ақ барлық әскери бөлімдер мен казармаларда бейнебақылау орнату толық аяқталған ба және оны әрі қарай кеңейту жоспарланып отыр ма деген сұрақ қойған.
"Иә, қазір біз барлық жерде камералар орнатып жатырмыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жоспары бар. Сондықтан биылдың соңына дейін және келесі жылы біз барлық казармаларды бейнебақылау жүйелерімен толық қамтимыз деп ойлаймын. Сонымен қатар деректерді талдайтын жасанды интеллект жүйесі де енгізіледі", – деді Асқар Мұстабеков.
Бұған дейін ол әскери қызметке қатысты бірқатар мәселелерге де түсініктеме берген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript