Жаңалықтар тізбегі
0

Әскерге көктемгі шақыру: Қорғаныс министрлігі пікір білдірді

Әскер, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 13:47 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Қорғаныс министрлігі азаматтардың медициналық комиссиядан өтуге шақыруына қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, барлық рәсімдер заңға сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Басқарма азаматтарды қабылдау учаскелерінде медициналық комиссиядан өтуге шақырудың барлық рәсімі заңға сай жүргізіліп жатқанын айтты.

18 бен 27 жас аралығындағы бозбалалар медициналық тексеруге келу қажет екені туралы шақыру қағаз түріндегі хат немесе SMS хабарламалар арқылы хабарланады.

Әскерге шақырылушы қайталап хабардар еткеннен кейін жиын орнына келмесе, жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері полициямен бірлесіп жалтарушының тұрғылықты жері мен жұмыс орнына барады, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Медициналық комиссияны шақыру қорытындысы бойынша шақырылушының әскери қызметке жарамдылығы анықталады. Егер жас жігіт жарамсыз деп танылса, сол күні ол жиналу пунктінен үйіне қайтады. Әскерге шақырылушыға қосымша тексеру қажет болса, ол медициналық мекемелерге жіберіледі.

Медициналық комиссиядан сәтті өткен және қызметке жарамды деп танылған әскерге шақырылушыларды әкім орынбасары төрағалық ететін шақыру комиссиясы жеке қарайды. Шақыру туралы шешім қабылданады.Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл ретте қорғаныс министрлігі медициналық комиссиядан және мерзімді әскери қызметтен жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін еске салды.

Медициналық тексеруге келмеген жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Әскери қызметтен жалтару 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бас бостандығын шектеуге немесе бір жылға дейінгі мерзімге одан айыруға әкеп соғады.ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: