Ресейде шақыру қағазын алған қазақстандықтар не істеуі керек
Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейде шақырту алған қазақстандықтарға әскери комиссариатқа немесе елшілікке хабарласуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, ақпараттық базаларда сәйкессіздіктер бар.
Егер адам, мысалы, Ресей аумағында болса, тұруға рұқсат алған болса, ол құжатын әскери комиссариатқа көрсете алады немесе Қазақстан елшілігіне жүгіне алады.Айбек Смадияров
2 қазанда Санкт-Петерборда тұратын 31 жастағы Қазақстан азаматының Ресейдегі мобилизацияға байланысты әскери комиссариатқа шақырту алғаны белгілі болды.
Қыркүйектің 21-і күні Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация туралы жариялады. Оның айтуынша, әскери қызметке қазір запастағы және ең әуелі қарулы күштер қатарында қызмет еткен, белгілі бір әскери мамандықтары мен тиісті тәжірибесі бар азаматтар шақырылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript