Жаңалықтар тізбегі
0

Путин мен Ердоғанның не туралы сөйлескені белгілі болды

Путин пен Ердоған, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2022 18:32 Сурет: Twitter/tcbestepe
13 қазанда Қазақстан астанасында Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келіссөздер жүргізді. Кездесуден кейін екі ел басшылары журналистер алдында қысқаша мәлімдеме жасап, кейін жабық екіжақты кездесу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kremlin.ru сайтының хабарлауынша, Владимир Путин Еуропаға газ жеткізудің ең сенімді жолы Түркия болып шыққанын атап өтті. Сонымен қатар ол "Түрік ағыны" оны жаруға тырысса да сәтті жұмыс істеп жатқанын айтты.

Түркиядан басқа елдердегі әлеуетті сатып алушылардан қызығушылық туындаса, біз басқа елдерге, ең әуелі, еуропалық елдерге сату үшін басқа газ құбыры жүйесін салу және Түркияда газ хабын құру мүмкіндігін қарастыра аламыз. Әрине олар осыған қызығушылық танытса.Владимир Путин

Сонымен қатар Ресей президентінің айтуынша, бұл хабтың жұмыс істеу барысында "жеткізу үшін ғана емес, сонымен қатар бағаны анықтау үшін де платформа" жасау қажет.

Бұл бағалар бүгінде шектен тыс. Біз (оларды. – Ред.) ешбір саяси астарсыз қалыпты нарық деңгейінде сабырлы түрде реттей алар едік.Владимир Путин

Өз кезегінде Түркия президенті екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

"Аққуыдағы" энергия өндірісі біздің қажеттіліктеріміздің 10%-ын қамтамасыз етеді. Екінші атом электр станциясы салынса, тағы 10% плюс. Біз энергияға деген сұраныстың жиырма пайызын осы атом электр станциялары арқылы қамтамасыз етеміз.Реджеп Ердоған

Одан кейін астық өнімдері мәселесіне тоқталды.

Ыстамбұл келісімін нығайтып, Ресей тыңайтқыштары әлемнің ең кедей елдеріне жеткізілуі үшін бұл келісімді қайтадан Түркия арқылы жалғастыру қажет. Дамымаған елдерге астық өнімдері мен тыңайтқыштар жеткізуге бел будық.Реджеп Ердоған

Түркия басшысы "Түркия мен Ресей бірге" деп түйіндеді.

Біз берік бекінгенбіз. Біздің ведомстволарымыздағы министрлердің кездесулері үлкен маңызға ие және біздің қарым-қатынасымызды нығайта түседі.Реджеп Ердоған

13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті өтті. Түркия Президенті Астанаға мемлекеттік сапармен 12 қазанда келді. Владимир Путин Қазақстан астанасына 13 қазанда келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: