Сочиде Путин мен Ердоған арасындағы келіссөз басталды
Сурет: kremlin.ru
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Сочи қаласында астық келісімін қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Түркия президенті Сочиге бір күндік жұмыс сапарымен барған. Ол Путинмен аймақтық және жаһандық мәселелерді, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды талқылайды.
"Көшбасшылар арасындағы келіссөздердің күн тәртібінде өткен жылы жаһандық азық-түлік дағдарысын айтарлықтай жеңілдеткен Қара теңіз астық бастамасын қалпына келтіру де бар. 17 шілдеде Ресей Түркия мен БҰҰ делдалдық жасаған Украинаның Қара теңіздегі үш портынан астық экспортын қалпына келтіру туралы келісімге қатысуын тоқтатты", – деп жазады түрік бұқаралық ақпарат құралы.
Түрік тарапы 2022 жылдың шілдесінде жасалған астық келісімі деп аталатын келісімді қалпына келтіруге күш салуда. Анкара сонымен қатар Киев пен Мәскеуді Ресей – Украина қақтығыстарын тоқтату үшін бейбіт келіссөздерге көшуге шақырады. Бұған дейін, 2023 жылдың шілдесінде Режеп Тайип Ердоған Ыстамбұлда Украина президенті Владимир Зеленскиймен астық келісімін талқылаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript