Алматыда тұруға қанша ресейлік өтініш білдіргені белгілі болды
Сурет: Zakon.kz
Қазанның 18-і күні Алматының көші-қон қызметі Zakon.kz желілік басылымына қанша ресейлік қалаға тіркелуге өтініш бергенін айтты.
Мәселен, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бүгінге дейін қалада Ресейдің 668 азаматы уақытша тіркеуге алынған.
Оның 79-ы тұруға ықтиярхат, тағы 35-і азаматтық алуға өтініш білдірді. Салтанат Әзірбек
14 қазанда Алматының көші-қон қызметі азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұруға шақырды.
Ведомство таратқан хабарламада көрсетілгендей, тіркеусіз тұрып жатқаны үшін ескерту және 7 АЕК (21 441 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Сонымен қатар Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанға Ресейден күніне 8-9 мың азамат келіп, 10-11 мың азамат кетіп жатқанын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript