Қырғызстанда педофилия үшін өлім жазасын енгізу ұсынылды

Қырғызстан, өлім жазасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 12:30 Сурет: pexels
Қырғызстанда депутаттар Конституцияға балалардың жеке басына қол сұғушылық қылмыстары үшін өлім жазасын енгізуді көздейтін түзетулер енгізуге бастамашылық етуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жогорку Кенеш депутаттары балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін өлім жазасын енгізуді ұсынды. Конституцияға өзгерістер енгізу туралы бастаманы 61 депутат көтерді, деп жазды Парламенттің ресми сайты.

Бұл бастамаға Қырғызстанда кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету жағдайларының көбеюі себеп болып отыр.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың 8 айының статистикасын ұсынды. Кәмелетке толмағандарды зорлаудың 35 фактісі, балалар мен жасөспірімдерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстың 25 фактісі, 14 жастағы баланы өлтірудің 1 эпизоды тіркелді.

2007 жылы Қырғызстанда өлім жазасы алынып тасталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: